Алматыда жарнама тақтасын іліп жатқан альпинист биіктен құлап көз жұмды

Қайғылы жағдай Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан Assem Plaza тұрғын үй кешенінде болды.

Алматыда көпқабатты тұрғын үйге жарнама тақтасын іліп жатқан 27 жастағы өндірістік альпинист биіктен құлап көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы жағдай Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан Assem Plaza тұрғын үй кешенінде болды. Қалалық полиция альпинистің оқиға орнында қаза тапқанын растады.

– Алмалы аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.