Депутаттар заңға оғаш іс-қылығы үшін жұмыстан шығарылған азаматтардың дипломатиялық қызметке кіруіне шектеусіз тыйым салуды жоюға бағытталған түзетулер енгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сондай-ақ дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша түзетулерде Қазақстанның халықаралық шарттар жасасуын жоспарлауды алып тастау көзделген.
Бұл процесті бірқатар әкімшілік-техникалық іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электронды халықаралық шарттарды басқару жүйесін енгізу есебінен оңтайландыру ұсынылады. Жаңашылдық қағазбастылықты жойып, олардың жылдамдығын, тиімділігін және ашықтығын қамтамасыз етеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.