Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 48 келідегі Айгерім Сәттібаева жартылай финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 33 жастағы жерлесіміз ширек финалда Филиппиннің жас спортшысы Магно Офелиядан басым түсті.
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева – көпбалалы ана. Ол бүгінде бес бала тәрбиелеп отыр. Жақында ғана спортқа қайта оралды.
Ол бұған дейін, 2010 жылы Астана төрінде өткен Азия чемпионатында 51 келіде қола жүлдегер атанған.
Енді отандасымыз 7 желтоқсан күні 1/2 финалда Фарзона Фозиловамен (Өзбекстан) өзара мықтыны анықтайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.