Астанада полиция насыбай сатқан дүкен иелерін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Aykin.kz.
Нұра ауданының әкімдігі мен полиция бірлесіп, насыбай мен снюс сату дерегін анықтау үшін арнайы рейд жүргізді. Нәтижесінде, тыйым салынған өнімдерді сатқан 3 дүкен анықталды.
Тәртіп сақшылары жалпы сомасы 25 мың теңге болатын 40 қорап насыбай мен 20 қорап снюсті тәркіледі. ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес дүкен иелеріне 92 300 теңге (25 АЕК) әкімшілік айыппұл салынды.
- Ауданда мұндай рейдтер үнемі өткізіледі. Жыл басынан бері 230-ға жуық дүкен тексерілді. Кәсіпкерлерге вейп, насыбай және снюс сатуға болмайтынын ескертіп жатырмыз, - деді Нұра ауданы әкімі аппараты Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Батырхан Жанпейісов.