Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында төрт турист «Шайтан көлі» бағытын бетке алып, сол күйі адасып кеткен, - деп хабарлайды Aykin.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, олар жергілікті жерге жетпей, қараңғы түскен соң кері қайта алмай қалған.
"Туристер жақын орналасқан биік тауға шығып, құтқару қызметіне қоңырау шалған. Құтқарушылар аталған координаттар бойынша жедел түрде шақыру орнына келді. Тепловизоры мен түнгі камерасы бар ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен «Берлога» демалыс аймағынан төрт шақырым жерде жоғалған адамдар табылды", - делінген хабарламада.
Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмады.