Үш алматылықтың Үндістанға заңсыз алтын алып барғаны анықталды

Делиге келгеннен кейін жолаушылар ұсталып, олардан жауап алынды, - деп жазады news18.com.

Делиде Алматы бағытында ұшатын рейсте алтын құймаларын алып өтпек болған үш адам ұсталды. Стюардесса олардан күдіктенген, - деп хабарлайды Aykin.kz. 

Үш сағатқа созылған рейс барысында стюардесса жолаушыларға бірнеше рет тамақ пен сусын ұсынбақ болған, бірақ жолаушылар әр жолы бас тартқан. Бірнәрсенің дұрыс еместігінен сезіктенген ол әуежайға хабар берген.

Олардың жүгін тексергеннен кейін металл іздегіштер ештеңе таппады, бірақ кейінірек олардың тік ішектеріне жасырылған алтын құймалары бар екені анықталды. Салмағы шамамен 439 грамм болатын жалпы сегіз құйма табылды. Жолаушылар дәл әуежайда қамауға алынды.

Алматы көлік прокуратурасы контрабандалық тауарды тәркілеу арқылы түскен 100 миллион теңгеден астам қаржыны мемлекет бюджетіне қайтарды.