Байқоңыр ауданында А.Бараев көшесі бойында маршруттық автобус шатыры өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Өрт туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу, өрт орнына шығу, өртті барлау, күштер мен құралдардың қанатын жаю, сондай-ақ жануды сөндіруге ТЖМ-нің кәсіпқой командасына небәрі 9 минут қажет болды, – делінген ақпаратта.
ТЖМ өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады.
4 желтоқсан күні Астана қаласы Есіл ауданы Мәңгілік ел даңғылында тағы бір автобус өртенген еді.