Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы 8 желтоқсан күні қызметін өткеру орнында өзіне қол жұмсады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, болған қайғылы оқиғаның әскери қызметке қатысы жоқ.
"Қайлығы оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген ақпаратта.
Ақтөбе облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.