Қар, бұрқасын, тұман: 10 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

Елдің батысында, оңтүстігінде антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, жел күшеюі күтіледі.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 10 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қар, солтүстігінде қарлы бұрқасын болжанады. Елдің батысында, оңтүстігінде антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман, жел күшеюі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.