Астанада фермерлік фестиваль өтті

Фестиваль қонақтары үшін интерактивті шаралар ұйымдастырылды.

 Бұл іс-шара фермерлерді, өндірушілерді, агроөнеркәсіп саласының сарапшыларын, мектеп оқушыларын, студенттерді және ауыл шаруашылығының дамуына қызығушылық танытқандардың барлығын біріктірді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Фестивальдің мақсаты – жастарды фермерлік кәсіп ашуға шабыттандыру және елдегі аграрлық саланың дамуына қолдау көрсету.  

«Біз агроөнеркәсіп тек жермен жұмыс істеу ғана емес, табысты да қызықты бизнес екенін көрсеткіміз келеді. Фестивальдің миссиясы – жастар, балалар мен отбасылар арасында ауыл шаруашылығын насихаттау және қазақстандық ауыл шаруашылығы мен оның өнімдеріне қатысты оң имидж қалыптастыру», – деп атап өтті ұйымдастырушы Гүлдана Темірхан.  

Фестиваль аясында қазақстандық фермерлер мен өндірушілердің табиғи өнімдер жәрмеңкесі өтті. Өнімдер жоғары сұранысқа ие болып, көптеген қатысушы  өз тауарларын толығымен сатуға мүмкіндік алды. Қонақтар үшін тамақтану саласындағы нутрициологтар мен сарапшылар дәстүрлі қазақ тағамдарын, соның ішінде құрт дайындау құпияларымен бөліскен аспаздық шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.  

Сарапшылар қалалық фермерлік шаруашылық, мал шаруашылығы, ұлттық тағамдар және заманауи агробизнес сияқты салалардағы білімдерімен бөлісті. 

«Ұйымдастырушылар Қазақстанның агроөнеркәсіп саласының дамуына ықпал еткісі келетін шынайы ниеттерін көрсетті. Мұндай іс-шаралар салауатты тамақтануды және фермерлік технологияларды насихаттау үшін өте маңызды», – деп атап өтті нутрициолог Сабина Мұқан.  

Мектеп оқушылары үшін мектеп жанындағы жылыжайлар жасау жобалары бойынша республикалық зерттеу байқауы ұйымдастырылды. Бұл жастар арасында экологиялық білім мен агрономияны дамытуда маңызды қадам болды.  

«Фестиваль керемет өтті. Осындай жарқын шараның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Бұл тәжірибе алмасу мен жаңа серіктестермен танысу үшін тамаша мүмкіндік болды», – деп әсерімен бөлісті көкшетаулық фермер Ержан Әбілмаженов.  

Фестиваль қонақтары үшін интерактивті шаралар ұйымдастырылды. Балалар үшін ойын ұйымдастырылып, онда олар табиғи өнімдермен және дұрыс тамақтану принциптерімен танысты.

Фестивальдің сәні – ерекше қажеттіліктері бар балалардың сәнді көрсетілімі. Бұл шоу инклюзивті құндылықтардың маңыздылығын айқындап, қонақтарды шабыттандырды. Фестиваль студенттік ұжымдардың концерттік бағдарламасымен аяқталып, қатысушыларға қуанышты көңіл күй сыйлады.