Елімізде доллар бағасы тағы да күрт қымбаттады

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 508,05 теңге, еуроны 534,82 теңге, рубльді 5,06 теңге деп бекіткен болатын.

Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша бүгінгі сауда-саттық жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

11 желтоқсандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 8,43 теңгеге қымбаттап, 516,93 теңге болды.

Юаньнің орташа сараланған құнына 1,04 теңге қосып, 71,18 теңгеге жетті.

Еліміздегі ақша айырбастау пунктерінде доллар 518-522 теңгеден, еуро 536-545 теңгеден, рубль 5,05-5,15 теңгеден сатылып жатыр.

Ал бүгін таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 508,05 теңге, еуроны 534,82 теңге, рубльді 5,06 теңге деп бекіткен болатын.