Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазавтожол “Үшарал-Достық” автожолында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылғанын мәлімдеді.
«11 желтоқсан сағат 23:30-да Жетісу облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты “Үшарал-Достық” автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.