Қар, тұман, жел: 12 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

Республика бойынша тұман күтіледі, батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 12 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің  солтүстігінде аздаған қар, батысында аздаған жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-, шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман күтіледі, батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.