Талғардағы оқиға: әкімдік митинг ұйымдастырылады деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерде Талғар қаласындағы оқиғаға қатысты Тараз қаласында митинг ұйымдастырылуда деген жалған ақпарат таралуда.

Жамбыл облысы әкімдігі әлеуметтік желіде Талғар қаласындағы оқиғаға қатысты Тараз қаласында митинг ұйымдастырылады деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Әлеуметтік желілерде Талғар қаласындағы оқиғаға қатысты Тараз қаласында митинг ұйымдастырылуда деген жалған ақпарат таралуда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Кез келген жалған ақпаратты тарату, тұрғындардың бірлігіне, бейбіт тіршілігіне нұқсан келтіретін әрекеттер заң аясында жауапкершілікке алып келетінін еске саламыз. Азаматтарды тек шынайы, ресми ақпараттарға сенуге, ешқандай арандатуларға қосылмауға шақырамыз",  –  делінген ақпаратта.

Әкімдік өкілдері жалған ақпарат таратушыларға заң аясында қатаң шаралар қарастырылғанын ескертті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.