Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің артынан 42 жастағы әйел мен 34 жастағы ер адамның мәйіті табылған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Мой город" порталының мәліметінше, өлімнің себебін анықтау үшін екі мәйіт те сот-медициналық сараптамаға жіберілген.
"Алғашқы тексеру кезінде көзге көрінетін дене жарақаты анықталған жоқ", - деді Атырау облысының Полиция департаменті.