Алматыда Қарағайлы шағынауданында орналасқан "Француз үйі" заңсыз тұрғын үй кешенін бұзу басталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, құрылыс салушы нысанды қажетті рұқсаттарсыз салған: СТЖ, эскизді келісу, құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама және сараптама болмаған.
Әкімшілік шаралар қабылданып, сотқа талап-арыз берілгеннен кейін, сүру туралы шешім бірінші сатылы сотта қанағаттандырылып, бұл шешімді қалалық сот өзгеріссіз қалдырды.
2024 жылы 30 қаңтарда атқару парағы Әділет департаментіне жолданып, бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталды.
Алматыда былтырдан бері 55 заңсыз нысан бұзылды, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері бар.