Қазақстан мен Ресейдің шекарасында 500-ге жуық жүк көлігі жиналып қалған

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 13 желтоқсанға қараған түннен бастап «Сырым» автокөлік өткізу пунктінде Ресей Федерациясына қарай 450-500 жуық жүк көлігінің жиналғанын мәлімдеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 13 желтоқсанға қараған түннен бастап «Сырым» автокөлік өткізу пунктінде Ресей Федерациясына қарай 450-500 жуық жүк көлігінің жиналғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Жүк көліктерінің жиналуы 2024 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Самара облысының аумағында ауа райының нашарлауына байланысты пайда болды – қалың қар, боран, көктайғақ.

Ресей Федерациясындағы федералды трассалар бойынша қозғалыс уақытша шектелген және Ресей ТЖМ мәліметтері бойынша шектеулер шамамен 2024 жылдың 13 желтоқсанында сағат 22:00-ге дейін қолданылады.

"Осыған байланысты, жүк көліктерінің жүру бағыты бойынша қозғалу мүмкіндігі жоқ және олар ауа райының жақсаруын күтуде. Аталған жағдай бойынша жүргізушілерге түсіндірме жұмыстар жүргізілуде, яғни кемпингтерде ауа райының жақсаруын күту немесе басқа облыстардағы жақын маңдағы өткізу пункттері арқылы маршрутты түзету ұсынылады", – делінген Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.