Әдеп жөніндегі комиссия мүшелері Қарағанды қаласы әкімінің әлеуметтік желідегі оқырманына жазған пікіріне қатысты іс материалдарын талқылады, – деп жазады Aikyn.kz.
Бұған дейін Мейрам Қожықов желідегі оқырманына "ақылды болма" деген пікір қалдырып, сынға қалған еді.
Тексеру барысында Қарағанды қаласы әкімінің әрекеті әлеуметтік желілерде азаматтардың сынына себеп болғаны анықталды. Анықталған фактілер бойынша комиссия әкімге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов әлеуметтік желідегі парақшасында қаладағы ең ұзын көше жөндеуден өткенін сүйіншілей жазды. Жазбасында тұрғындар енді ұрыспайтынына қуанатынын жеткізген ол көпшіліктің күлкісіне қалған еді.