АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520-527 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы  1 долларға 522,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны  5,06 теңге. Еуро  547,88 теңге,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы 527,5 теңге. Еуро 547,5-554,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы 520 теңге, сатып алу құны  527 теңге. Еуро 546 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,03-5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 522,80 теңге болған.