Ауадан жасалған «сиқырлы» материал электр көліктеріндегі өртті тоқтатады

Бүгінгі электр көліктерінің ең осал жері – көлік өртенсе оны сөндіру мүмкін емес. Көлік толық жанып біткенше күту немесе оны су толтырылған үлкен ваннаға батыру ғана керек.

Aikyn.kz электр көліктерінің батареяларын өрттен қорғайтын жаңа материалдың ерекшеліктерін bgr.com сайтында жарияланған мақалаға сүйеніп түсіндіреді.

Инженерлер ауадан жасалған өрттің таралуын тежейтін аэрогель ойлап тапты. Фото bgr.com сайтынан алынды. Авторлығы: Christian de Looper

Электр көліктермен байланысты шешілмеген проблеманың бірі – литий-иондық аккумуляторлар тым қызып кетсе және олардың қандай да бір ақауы болса, өртену қаупі тым жоғары болады. Дегенмен инженерлер ауадан жасалған және өрттің бір литий-иондық элементтен екіншісіне таралуын болдырмайтын өртке қарсы аэрогель ойлап тапқан сияқты.

Жаңа материалды Энергетика министрлігінен Джорджияда жаңа зауыт салуға 671 миллион доллар несие алған Aspen Aerogels компаниясы әзірледі. Компания «өте эфирлік материал» деп атаған материал, электр көлік өртенсе жолаушыларға көліктен шығуына біршама уақыт береді.

Бұл жерде біршама түсініктеме қажет. Жаңа өртке қарсы аэрогель батареяны өртенуден қорғамайды. Бұл инженерлер шешуі керек мүлде басқа мәселе. Жаңа материал бір батарея өртенсе оттың басқа батареяларға таралуын тоқтатады. Өйткені әдетте бір элементтен от шықса, температура көтеріліп, өрт айналасындағы басқа элементтерге таралады.

Tesla көліктерінде Panasonic-тің осындай 6-8 мың батареялары орнатылған. Фото akbinfo.ru сайтынан алынды

Жаңа материал электр көліктерінің батареяларын отқа төзімді етеді. Aspen Aerogels компаниясының техникалық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Джон Уильямстің айтуынша, «жаңа аэрогель қазіргі уақытта әлемдегі ең жақсы жылу оқшаулағыш материал» болуы мүмкін. Бұл материалдың 99%-ы ауадан тұрады. Егер осы отқа төзімді аэрогель шынымен де Aspen Aerogels мәлімдегендей ғажайып болса, онда ол электр көліктеріндегі өрт проблемасын шешуге көмектесе алады. 

Бүгінде өрт қауіпсіздігі жылдам зарядталатын EV батареяларын қолдану арқылы шешілуде, бірақ олар әлі литий-ионды ұяшықтарға сүйенеді. 

Ал жаңа аэрогельмен қапталған бұндай батареялар ұзақ мерзімді перспективада өрттен сақтаудың жақсы тәсілі болуы мүмкін. Компанияның айтуынша, жаңа материал Toyota, Honda, GM және басқа көліктерге қойылатын батарея ұяшықтарын оқшаулауда қолданыла бастаған.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.