«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты

Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында сұхбат беріп, сахнаға шықпаған уақытта мамандығы бойынша жұмыс істегенін айтты.

Әнші Сырым Исабаев 10 жылдан кейін сахнаға оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында сұхбат беріп, сахнаға шықпаған уақытта мамандығы бойынша жұмыс істегенін айтты.

“2014 жылы соңғы рет концерт беріп, сахнамен қош айтыстым. Негізгі мамандығым – бухгалтер. Сол салаға бет бұрғым келді. 2005 жылы өнерге араласа бастадым. Қайрат Нұртаспен дуэт жаздық. “Алып қашу операциясы” деген кино түсірдім. Халық жылы қарсы алды. Бір кезде дипломым бойынша жұмыс істеп көргім келді. Есеп-қисапты білетін болғасын кәсіп бастауды жөн көрдім. Бүгінде екі демалыс аймағы мен жасөспірімдерге арналған білім беру-сауықтыру кешінін аштым. Олар күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұр. Ештеңе мәңгілік емес. Өнерден де кететін кез болады. Сол кезде бала-шағамды кім асырайды?! Олар Шымкентте тұрады. Мен Алматымен екі ортада жүремін. Сондықтан кәсіп бастадым”, – деді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.