ТЖМ құтқарушылары қолы велотренажерде қысылып қалған балаға көмекке келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
112 пультіне Ақтөбе қаласындағы ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан көппәтерлі үйлердің бірінде 2009 жылы туған баланың қолы велотренажерде қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына келген қызметкерлер саймандардың көмегімен тренажерді ішінара бөлшектеп, баланың қолын босатып, оны жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады.
«ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді», – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.