Алматының өрт сөндірушілері 4 баланы құтқарды, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, таңертең Наурызбай ауданында С.Жүнісов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен сөрелері жанды.
"ТЖМ күштерімен баспалдақ маршымен үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланып, құтқару қалпақтары арқылы 4 бала құтқарылды. 60-қа жуық тұрғын өздері көшеге шықты", – делінген хабарламада.
Кәсіби өрт сөндірушілер өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.