Ақтөбе облысында балық аулауға шыққан екі адам із-түзсіз жоғалып кетті

Олар 14 желтоқсаннан бері хабарсыз кеткен.

Ақтөбе облысында балық аулауға кеткен екі ер адам із-түзсіз жоғалып кетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 53 жастағы Владимир Курдюков пен 21 жастағы Михаил Дуля 14 желтоқсан күні балық аулауға шығып, содан хабарсыз кеткен. Олар оралмаған соң туыстары көмек сұрап, іздеуге жәрдемдесуді өтінген.

 Күйеуім әріптесімен бірге 14 желтоқсанда, сенбі күні таңғы сағат 4-те балық аулауға кеткен. Олар Шұбарқұдық арқылы Ойыл өзеніне бармақ болған. Кешке қайтып келуі керек еді, бірақ оралмады. Байланысқа шықпай жатыр. Олар ішімдік ішпейтін, зиянды әдеттері жоқ. Мен ТЖМ-ге хабарластым, полицияға және еріктілерге арыз жаздым. Олар "Нива" көлігімен жүрген, мемлекеттік нөмірі 142 АВV 04 (аймақ). Егер бір нәрсе білсеңіз, көмектесіңіздерші! 102 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз,  дейді жоғалғандардың бірінің әйелі Наталья.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.