"Тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын": өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген белгілі әнші ажырасып кетті

Өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген танымал жас әнші Ринат Шамшырақтың жары, кәсіби визажист Аружан Төре ажырасқандарын айтып жан сырын ақтарды.

Өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген танымал жас әнші Ринат Шамшырақтың жары, кәсіби визажист Аружан Төре ажырасқандарын айтып жан сырын ақтарды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

"Ақыры ажырасу туралы бастапты, осы уақытқа дейін кім не десе де үндемей шыдап келдім. Мен жылап депрессияда отыратын адамдардың қатарынан емеспін. Бірден осындай шешім қабылдаған жоқпын. Ұзақ ойландым. Енді бұрынғыдай жасырып қалатын нәрселерді жасырып, жақсы көрсетуге тырыспаймын. Оның отбасында бір адамға не істесем де жақпадым. Екі жастың ортасына ешкім басын сұқпау керек, оң мен солымды ажырата алатын жастамын. Мен жалғыз емеспін, өсіп келе жатқан ұлым үшін өмір сүремін, тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын. Біздің ажырасуымыздың себебі осы болды. Әрбір әйел шынайы бақытты болуға лайықты. Менің жүрегім тыныштықты қалайды, күнде ондай қырғынмен өмір сүргім келмейді. Осыған дейінгі өмір өтті, бітті! Қосылмаймыз, қосылмаймын да. Маған енді ұят емес!", – деп жазды ол әлеуметтік желіде

Еске салайық, жастар биыл қаңтар айында үйленген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.