Қазақстандық сейсмологтер Қытайда жер сілкінісін тіркеді

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.

Қазақстандық ТЖМ Сейсмология институты Қытайда жер сілкінісін тіркеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"ҰМҒТСО" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 18 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 15.01-де жер сілкінісін тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 371 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген", – делінген ақпаратта.