Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 2024 жылғы 18 желтоқсандағы өкіммен Ербол Жүсіпбеков Жарқайың ауданының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан таныстырды.
Жүсіпбеков Ербол Кәрімұлы 1965 жылы Көкшетау қаласының Красный яр ауылында дүниеге келген. Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Көкшетау облысы Чистополь ауданы «Чистопольский» совхозында зоотехник-селекционер болып бастаған. Әр жылдары Көкшетау жылқы зауыты директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «Шоқан» шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс істеді.
2003-2009 жылдары Зеренді ауданының Садовое ауылдық округінің әкімі, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы болды. 2009-2011 жылдары Зеренді ауданында «Қылшақты» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.
2011-2020 жылдары Зеренді ауылдық округінің әкімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2020-2021 жылдары Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.
2021 жылдың ақпан айынан бастап Сандықтау ауданының әкімі болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.