Тұман, жел, көктайғақ: 19 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

Республика бойынша көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте, солтүстікте, орталықта тұман күтіледі.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Ел аумағының көп бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, боранмен қар жауады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, елдің орталығында қалың қар жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында кетіп бара жатқан антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Республика бойынша көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте, солтүстікте, орталықта тұман күтіледі.

Түнде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.