Гвинея-Бисау Республикасының президенті Умару Эмбалоның Қазақстан Республикасына ресми сапарына байланысты 2024 жылғы 19-20 желтоқсанда Алматыда жол қозғалысына ішінара шектеу қойылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бірақ автобустар шектеуге қарамастан жүре береді.
«Гвинея-Бисау Республикасының президенті Умара Эмбалоның 2024 жылғы 19-20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасына ресми сапары кезеңінде жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатыны туралы хабарлайды. Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді. Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.