Қазақстан футбол федерациясының президенті сайланды

Ол 36 дауыстың 34-ін жинады.

Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметіне Марат Омаров сайланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

20 желтоқсан күні ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII сайлау конференциясы өтіп, федерацияның жаңа басшысы анықталды.

Көпшілік дауыспен ҚФФ президенті болып Марат Омаров сайланды. Ол 36 дауыстың 34-ін жинады.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясын Әділет Барменқұлов басқарған еді. Ол 8 қарашада ҚФФ президенті қызметінен кеткен болатын.