Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Астанада өткен Fight Nights Boxing бокс кешінде алғашқы кәсіби жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Sports.kz дерегінше, Жұмағұлов норвегиялық Раванд Оубамен (1-0, 0 КО) кәсіпқой бокс ережесі бойынша жекпе-жекке шықты.
Қазылар алқасының шешімімен жеңіс Жалғас Жұмағұловқа берілді.
Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіби бокс мансабын жеңіспен бастады, ал Раванд Оуба үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.