Мемлекет басшысы Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айту жеделхатын жіберді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Магдебург қаласындағы жәрмеңкеде болған жантүршігерлік оқиға салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Германия Федеративтік Республикасының Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айтты.

– Достас герман халқының ауыр қайғысына ортақтасып, еліміздің және өз атымнан марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.