Үш ай бұрын жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны аман-есен табылды

Бұл туралы еріктілер Instagram парақшасында жариялады.

Бақытжан Жұбанов осыдан үш ай бұрын, қыркүйек айында үйінен шығып кеткен, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 1995 жылы туған Жұбанов Бақытжан Ғазизоллаұлы өзінің туған күнінде, осы жылдың 17 қыркүйегінде үйінен шығып кеткен. 29 жастағы жігіт  сағат 18.00-де Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылының Абай көшесі, 14-үй мекенжайы бойынша үйден шыққан. Белгілері: бойы 170-175 сантиметр, орташа дене бітімі, шашы қара қысқа, көздері қоңыр.

Еріктілердің айтуынша, жоғалған адам 20 желтоқсанда табылған. Басқа мәліметтер әлі нақтыланбаған.