Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында Қайрат Нұртаспен түскен видеосын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Видеода ерлі-зайыптылар өздері туралы түрлі алыпқашпа әңгімелер айтылатынын, бірақ олар оны талқыламайтынын айтады. Одан кейін актриса өзі ұйымдастырып жатқан ұтыс ойынының ережелерін түсіндірді.
Жұлдызды жұпты екіге кетті деп ойлаған жұрт актрисаның парақшасында бір сағаттың ішінде мыңдаған пікір жазып, екеуіне бақыт тіледі. Оның ішінде өнерлі жұптың әріптестері де бар.
«Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын! Тату да тәтті өмір сүріңдер!», «Бақытты болыңдар, бөлек жүрген жараспайды сендерге!», «Неге екенін білмеймін, екеуін бірге көрсем қуанамын», «Қуанғаннан жылап жібере жаздадық», «Айналайындар, бірге болыңдаршы, сендерді бірге көргіміз келеді», «Ойынды емес, сендерді көргеніме куанып кеттім», Бақытты болыңыздар! Ажырамаңыздар! Әр отбасы бақытты болсын» деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.