Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды

Жөндеу цехының шебері көз жұмғаны белгілі болды.

Ақтауда Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында бір жұмысшы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқыс оқиғаға еңбек қауіпсіздігін сақтамау себеп болған. Өңір полициясы оқиғаның мән-жайын жарияламады.  Lada.kz порталының хабарлауынша, жөндеу цехының шебері көз жұмғаны белгілі болды. Оның үстіне құбыр құлап түскен. 

«Қазір қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалған. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді облыстық Полиция департаментінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.