"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 24 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Циклон ойпаты және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен елдің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: қар жауады, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, батыста көктайғақ күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.