ҚФФ футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кететіні туралы БАҚ-та жарияланған ақпарат жалған екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді.
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.