Түркияда зауытта жарылыс болып, 12 адам қаза тапты

Өндіріс ошағында мыңға жуық адам жұмыс істеген.

Түркияда жарылғыш заттар шығаратын әскери зауытта жарылыс болып, 12 адам қаза тапты. Тағы 4 кісі жараланды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

24kz-тің мәліметінше, төтенше оқиға елдің Балыкесир провинциясындағы Кавакли ауылында тіркелді. Бірақ жарылыстың неден болғаны әлі белгісіз. Жергілікті Ішкі істер министрлігі диверсия мүмкіндігін жоққа шығарып отыр.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталған. Ақпаратқа қарағанда, өндіріс ошағында мыңға жуық адам жұмыс істейді.