СҚО-да сыра тиелген жүк көлігі аударылып кетті

21 желтоқсан күні кешке 21 жастағы жүргізушінің Volkswagen Golf автокөлігінің артқы дөңгелегі жарылған.

Республикалық маңыздағы Астана – Петропавл тасжолының 436-шақырымында Ленинское ауылы маңында Volvo жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 63 жастағы қырғызстандық рульге ие бола алмай, жол шетіне шығып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz  polisia.kz-ке сілтеме жасап.

20 тонна сыра тасымалдаған фура оң қабырғасына аударылған. Зардап шеккендер жоқ, жүк көлігіне механикалық зақымдар келген. Полиция қызметкерлері және өтіп бара жатқан жүргізушілер Қырғыз елінің азаматына ауыр жүк көлігін жолға шығаруға көмектесті.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге алыс сапарға шығар алдында ауа райы болжамдары мен шұғыл қызметтердің хабарламаларын бақылауды, көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеруді, жылы киімдер мен құрал-саймандарының болуын қатаң ұсынады.

21 желтоқсан күні кешке 21 жастағы жүргізушінің Volkswagen Golf автокөлігінің артқы дөңгелегі жарылған. Полицейлер оны бұрқасын кезінде Екатеринбург — Алматы жолындағы жағдайды тексеру барысында байқаған. Тәртіп сақшылары жүргізушіге қажетті құрал-саймандарын ұсынды. Жас жігіт полицейлерге көмектескендері үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.