Ерке Есмахан қазір жарқыраған әйелдердің заманы екенін айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан жеке брендін жариялады.

Ерке Есмахан табыс таппай үйде отыратын әйелдерді қолдамайтынын жеткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

—Жалпы әйел адам өз енерін шыңдамай, табыс таппай, скромный боп уйде отыру керек дегенмен келіспеймін. Исламды жақсы білетін жандар сөзіме қосылар. Ислам тарихында әйелдер саудамен де айналысты, сабақ берген, хадис жеткізді.

Үндемейтін, қарапайым, көзге көрінбейтін скромный әйелдерден гөрі «проявленный», жарқыраган әйелдердің заманы ғой қазір, - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі отбасында ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм екенін айтқан.