Астанада полицей көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлеуметтік желілерде қыздың полиция бөлімінде жұмыс істегені туралы ақпарат тарады.
"Мәйіттің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза болған адам 9-қабаттан құлап кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда ", - деп хабарлайды Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.