Ақтау маңында ұшақ құлады

Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды.

Ақтау маңында ұшақ құлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды.

"Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар", - делінген хабарламада.

ТЖМ Командалық орталығында жедел ШТАБ құрылды, онда сенім телефоны: 8/7292/319099 жұмыс істеуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.