Ақтау маңында құлаған ұшақтан 12 жолаушы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған.
«Қазақстандық тараппен байланыс орнатылды, оқиға орнында қазақстандық төтенше құтқару қызметі тарапынан қажетті көмек көрсетіліп жатыр», – делінген AZAL әуекомпаниясы хабарламасында.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
media.az хабарлауынша, апаттан 10 адам тірі қалған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.