Әзербайжанда 26 желтоқсан аза тұту күні болып жарияланды

Ильхам Әлиев тиісті Жарлыққа қол қойды.

25 желтоқсан күні Баку-Грозный рейсін орындау кезінде Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Әзербайжанда 26 желтоқсан қаралы күн болып жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Азертаждың» мәліметінше, Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев тиісті Жарлыққа қол қойды.