Ақтау әуежайы жұмыс істеп жатыр ма?

Бүгін қайғылы оқиғаға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.

Ақтау қаласы маңында болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды,- деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Комиссия құрамына Премьер- Министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, Төтенше жағдайлар, Көлік, Сыртқы істер, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.

Ал көпті алаңдатқан сауалдың бірі "Ақтаудағы әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр ма?" деген сұрақ еді. Бұған ҚР Көлік министрлігі әлеуметтік желідегі ресми парағында жауап жазды.

- Ақтау қаласы әуежайы ашық, қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр,- деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі.