"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман, күшті жел, ал батыс аймақтарда көктайғақ болады.

"Қазгидромет" синоптиктері 26, 27 және 28 желтоқсан күндері елімізде ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде түнде температура -3-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз -6 градус аяздан 5 градус жылуға дейін көтеріледі. Тек елдің батысында температурада айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Жалпы, Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман, күшті жел, ал батыс аймақтарда көктайғақ болады деп күтілуде.