Ақтауда қаза тапқандардың мәйітін ағайын-туысы қашан алып кете алатыны айтылды

Бұл туралы Ақтауда өткен бүгінгі брифингте Бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов айтып берді.

Брифингте Бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов  Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың мәйіті туралы сөз етті. 

Оның айтуынша, қазір қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сол үшін Бас прокурордың бұйрығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

"Иә, туыстары (мәйітті – ред. еск.) марқұмдардың жеке басы анықталып, бірқатар тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін алып кете алады", – деді ол.

Ол сондай-ақ "қара жәшік" табылып, қылмыстық іс бойынша материалдарға қосылғанын айтты.