Ақтаудағы ұшақ апаты: "ҚазМұнайГаздың" екі қызметкері қаза тапты

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымы Ақтау қаласындағы ұшақ апатынан қаза тапқан марқұмдардың отбасы мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымы Ақтау қаласындағы ұшақ апатынан қаза тапқан марқұмдардың отбасы мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында қаза болған жолаушылардың арасында біздің әріптестеріміз де бар екенін күйзеліспен хабарлаймыз:

Жұмагұлов Бауыржан Жұмабайұлы, «Өзенмұнайсервис» ЖШС жұмысшысы, 4-ші дәрежелі бұрғышының көмекшісі. Бауыржан компанияда 2018 жылдан бері еңбек еткен, өзін адал және білікті маман ретінде көрсетті. «Өзенмұнайсервис» ЖШС – ҚМГ-ның еншілес мекемесі.

Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, «МұнайФилдСервис» ЖШС механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері. Сәндібек салада 16 жыл еңбек еткен. «МұнайФилдСервис» ЖШС – «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мердігер ұйымы", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөнін жариялаған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.