"Олимпиададан кейін, ең алдымен маған әкімдік тарапынан көлік сыйлады. Кейіннен федерация мен Allur тағы бір көлік берді. Оны бірден әкеме сыйлап, бұл көлік оған дәл келеді деп ойладым. Қателеспеппін. Әкем бұл көлікті қатты ұнатты, маған да ұнады. Кейіннен бір кәсіпкерлер мені шақырып, ақылдасып, кеңес берді. Сол кезде маған Toyota Highlander көлігін сыйлады. Қазір бұл көліктің бәрі тұрақта тұр, әрі қарай оларға не істейтінімді білмеймін. Шынымды айтсам, автотұрағым көлікке толды. Оның үстіне, өзімде бұрыннан бір көлік бар еді", – деді Нариман Құрбанов.
Сонымен қатар гимнаст бұл көліктерді сатуды жоспарлап жүргенін де жасырмады.
"Көліктерді сатамын ба деп ойлап жүрмін. Бірақ әзірге оған уақыт болмай, қолым тимей жүр. Әлі шешімін табамын. Сондай-ақ пәтерлер мәселесі бар. Олимпиададан кейін кәсіпкерлер маған пәтерге сертификат сыйлады. Олар өздері ұсынған пәтерді алуыма немесе кейін сатып, өзім қалаған пәтерді алуыма мүмкіндік берді. Сертификатты анама сыйладым. Қазір анама ұнайтын пәтерді іздеп жатырмыз, сол сертификатты міндетті түрде пайдаланамыз", – деп пікір білдірді Нариман Құрбанов.
Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының финалдық кезеңінде Нариман Құрбанов ат снаряды жаттығуында 15,433 ұпай жинап, екінші орын алды. Бұл туралы журналист Ақырыс Сейітқазының YouTube арнасында хабарлайды.