"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 27 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар, жаяу бұрқасын болжанады. Антициклон сілемінің ықпалында елдің батыс, оңтүстік өңірлері болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, жел күшеюі күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.